- Мұқаба
- Жаңалықтар
- Тоқаевтың Жолдауын түсіндіру үшін Түркістанға бір топ министрдің орынбасары барды
Тоқаевтың Жолдауын түсіндіру үшін Түркістанға бір топ министрдің орынбасары барды
Республикалық жұмыс тобы Түркістан мен Кентауда тұрғындармен кездесіп, ел дамуының басым бағыттарын талқылады. Сапар барысында қандай мәселелер көтерілді?
12 Қараша 2026, 15:18
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын түсіндіру мақсатында республикалық жұмыс тобы Түркістан облысына келді.
Түркістан облысы әкімінің мәліметінше, Республикалық топ құрамында ҚР Құрылтайының депутаты Дихан Қамзабекұлы, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Абдулла Исматуллаев, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Назгүл Хатепова және ҚР Су ресурстары және ирригация вице-министрі Талғат Момышев бар. Жұмыс сапары аясында республикалық жұмыс тобы Түркістан қаласындағы бірқатар әлеуметтік және қоғамдық нысандарға барып, азаматтық қоғам өкілдерімен, ғылыми қауымдастықпен, студенттермен, қала тұрғындарымен және денсаулық сақтау саласының қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Алғашқы кездесу «Достық үйінде» азаматтық қоғам институттарының өкілдерімен өтті. Жиынға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қатысып, облыс аумағында Жолдау аясында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Басқосуда Жолдауда белгіленген стратегиялық міндеттер, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту, жастардың қоғамдық өмірдегі белсенділігін арттыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу мәселелері талқыланды. Кездесуге өңірдегі қоғамдық ұйымдар мен азаматтық қоғам институттарының өкілдері қатысты. Басқосу барысында сөз алған ҚР Құрылтайының депутаты, ғалым Дихан Қамзабекұлы Жолдаудың басым бағыттары тоқталды.

Одан кейін жұмыс тобы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-ға барып, оқу ордасының ғылыми қоғамдастығы мен оқытушы-профессорлар құрамымен кездесу өтті. Жиында білім мен ғылымды дамыту, ғылыми әлеуетті арттыру, қоғамдық келісім, аграрлық секторды жаңғырту және су ресурстарын тиімді пайдалану бағыттары сөз болды. Одан кейін жұмысшы топ өкілдері шаһардағы «Ұлы Дала елі» орталығында Халықаралық туризм және меймандостық университетінің студенттерімен кездесті. Кездесу барысында Мемлекет басшысының Жолдауындағы басымдықтар түсіндіріліп, жастардың ел дамуына қосар үлесі, азаматтық жауапкершілік, ұлттық бірлік, ауыл шаруашылығы мен су ресурстарын тиімді басқару мәселелері талқыланады. Студенттер жиын барысында өздерін толғандырған сауалдарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіру мақсатында республикалық жұмыс тобы Түркістан облысына келді. Жұмыс тобының құрамында ҚР Энергетика вице-министрі Ержан Ертаев, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ербол Тұяқбаев және Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков бар. Сапар аясында делегация мүшелері Кентау қаласы тұрғындарымен, өндіріс және энергетика саласының қызметкерлерімен кездесті.


Ең оқылған:
- Алматы бір түнде әлемдегі ауасы ең таза қалалардың қатарына қосылды: Бұған не себеп?
- Жеке картаға ақша аударғанда нені ескеру керек? Бақылау талабы өзгерді
- – 16°С-қа дейін аяз: Алдағы үш күнде өңірлерде қар жауып, көктайғақ болады
- Павлодарда сабаққа кешіккен оқушының әрекеті қылмыстық іске ұласты
- Петропавлда жоғалған оқушы пештің ішінен табылды
Арайлым АЛТАЙҚЫЗЫ