Тоқаевтың Вьетнамға сапары. Президенттер арнаулы станокта қыш құмыра жасады

22 Тамыз 2023, 11:13
518
Бөлісу:
Тоқаевтың Вьетнамға сапары. Президенттер арнаулы станокта қыш құмыра жасады
PHOTO
Фото: Ақорда

Қазақстан мен Вьетнам президенттері керамика бұйымдарын шығаратын деревняға барды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Во Ван Тхыонг Хайзыонг провинциясында орналасқан керамика бұйымдарын шығаратын Чу Дао деревнясына бірге барды.

Тоқаевтың Вьетнамға сапары. Президенттер арнаулы станокта қыш құмыра жасады
Тоқаевтың Вьетнамға сапары. Президенттер арнаулы станокта қыш құмыра жасады

Екі ел басшылары дайын өнімдерді қарап көріп, керамика бұйымдарын дайындау процесімен танысты.

Тоқаевтың Вьетнамға сапары. Президенттер арнаулы станокта қыш құмыра жасады

Содан кейін президенттер арнаулы станокта қыш құмыра жасап көрді.

Тоқаевтың Вьетнамға сапары. Президенттер арнаулы станокта қыш құмыра жасады

Қазақстан мен Вьетнам президенттері деревняны аралап көргеннен кейін дайын өнімдерге және құрметті қонақтар кітабына қолтаңбаларын қалдырды.

Тоқаевтың Вьетнамға сапары. Президенттер арнаулы станокта қыш құмыра жасады

Чу Дао – тарихы біздің дәуіріміздің XII ғасырынан бастау алатын керамика бұйымдарын дайындаудың көне вьетнамдық әдісі. Бұл қолөнер XIV-XV ғасырларда дамып, XVII ғасырда жоғалып кеткен. Алайда 1980-жылдары Ыстанбұлдағы Топкапы музейінен Чу Дао шеберінің қолынан шыққан құмыра табылды.

Тоқаевтың Вьетнамға сапары. Президенттер арнаулы станокта қыш құмыра жасады

2001 жылы Ханой сауда корпорациясы осы ежелгі қолөнерді қайта жаңғыртып, көне технология негізінде толыққанды өндірісті жолға қойды.

Өзгелердің жаңалығы