Тоқаевтың тапсырмалары әлеуметтік әділеттілікті арттыруға бағытталған – Додонов 

17 Қаңтар 2022, 12:36
1292
Бөлісу:
Тоқаевтың тапсырмалары әлеуметтік әділеттілікті арттыруға бағытталған – Додонов 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ-дің аға ғылыми қызметкері Вячеслав Додонов айтты. 

Мемлекет басшысы Мәжіліс отырысында  экономикалық мәселелерге арналған сөзінде әлеуметтік мәселелерді жаңаша шешу қажеттілігіне назар аударды. Әлеуметтік сала ұзақ жылдар бойы дәстүрлі түрде Қазақстан дамуының негізгі басымдығы, ол елді дамытудың барлық бағдарламалық құжатында әлеуметтік мақсаттарға бағытталған. Дегенмен әлеуметтік саладағы қысым сақталып отыр, бұл теңгерімсіздік пен әлеуметтік төлемдердің біркелкі бөлінбеуінің салдарынан қалыптасты, - деді ол.

Додонов осы теңгерімсіздіктер туралы Мемлекет басшысы атап өтті. 

Президент кірістерді стратификациялау, экономикалық даму нәтижелерінің біркелкі бөлінбеуі, өңірлік дамудағы елеулі диспропорциялар сияқты проблемаларға назар аудару қажетін баса айтты. Кедейшілік сақталып отырған қоғамның топтары бар екеніне қарамастан, орташа табыс пен жалақының өсуін тіркейтін статистика да тоқтамайды, - деді Вячеслав Додонов.

Вячеслав Додонов атап өткендей теңгерімсіздіктерді теңестіру өткір мәселе және тез арада шешуді талап етеді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөйлеген сөзінің негізгі идеясы  кедейшілікті азайту бағдарламасын әзірлеуден бюджетаралық қатынастарды реформалауға, жұмыспен қамтуды есепке алу мәселелерін шешуден бастап мемлекеттік бюджетті қайта құру мен «Қазақстан халқына» қорын жасақтауға дейін деп айта аламыз.Бұл шаралар әлеуметтік саланы дамытудың жалпы параметрлері бойынша ілгерілеуге қол жеткізуге ғана емес, оның аясында әлеуметтік төлемдерді бөлудің сәйкестігін қамтамасыз етуге, қазіргі әлеуметтік саланың әлеуметтік әділеттілігін арттыруға мүмкіндік береді, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы