Тоқаевтың сұхбаты Оңтүстік Африка СІМ-де жарияланды

19 Қаңтар 2024, 06:08
317
Бөлісу:
Тоқаевтың сұхбаты Оңтүстік Африка СІМ-де жарияланды
Фото: gov.kz

Қазақстанның Оңтүстік Африка Республикасындағы елшісі Еркін Ахинжанов ОАР-дың СІМ Орталық, Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азия бойынша бөлімшесінің бас директоры Синди Мкукумен кездесуі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ Сыртқы істер ведомствосына сілтеме жасап.

Кездесу Оңтүстік Африка Сыртқы істер министрлігінде (DIRCO), Претория қаласында болды.

Кездесу барысында елші Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланған сұхбаты туралы айтты. Е. Ахинжанов әріптесіне Президент атап өткен құқықтық мемлекетті, экономиканы нығайтуға және тұрақты әлеуметтік дамуды қамтамасыз етуге бағытталған елді реформалаудағы негізгі қадамдар туралы хабардар етті. Еліміздің азаматтарының әл-ауқатын жақсартуға бағытталған ішкі реформаларға ерекше назар аударылды.

Сонымен бірге, елші Президенттің сұхбатында көрсетілген 2023 жылы Қазақстанда өткен маңызды оқиғалар, ағымдағы жылы ел алдында тұрған негізгі мақсаттар туралы ақпараттандырды.

Кездесу барысында Қазақстан мен Оңтүстік Африка арасындағы ынтымақтастықтың маңызды аспектілері талқыланды. Тараптар екіжақты қатынастарды одан әрі шоғырландырудың маңыздылығын, түрлі салалардағы ынтымақтастықты тереңдетуге дайындығын білдірді. Сонымен қатар, жобаларды бірлесіп жүзеге асыру мүмкіндіктері талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан мен Оңтүстік Африка арасындағы достық қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға сенім білдірді.

Өзгелердің жаңалығы