Тоқаев әскери атақтар мен шендер беру туралы жарлыққа қол қойды

6 Мамыр 2024, 12:23
812
Бөлісу:
Тоқаев әскери атақтар мен шендер беру туралы жарлыққа қол қойды
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы «Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы Қаулысында:

1-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі сыныптық шені:

Асылов Берік Ноғайұлына;

генерал-лейтенант әскери атағы:

Әбубәкіров Қаныш Асанханұлына;

авиация генерал-лейтенанты әскери атағы:

Қосанов Дәурен Жұматайұлына;

2-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі сыныптық шені:

Тәшімбаев Тимур Ғазизбекұлына;

генерал-майор әскери атағы:

Дәуітов Қайрат Сапарбекұлына,

Есжанов Аян Әбдіғаниұлына,

Жүнісов Төлеужан Сабырұлына,

Ибатулин Бауыржан Шарифоллаұлына,

Қазкеев Бекайдар Маратұлына,

Поливанов Павел Константиновичке,

Ыбыраев Ержан Уақасұлына;

авиация генерал-майоры әскери атағы:

Нілдібаев Ержан Болатұлына;

ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры арнаулы атағы:

Бекжанов Нұржан Наурызұлына,

Жұмабаев Марат Қабиденұлына,

Наймантаев Алмас Тілепбергенұлына;

сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің

генерал-майоры арнаулы атағы:

Ахметжанов Саян Қылышұлына,

Жебегенов Мақсат Мырзаханұлына,

Сарқұлов Ұлан Серікұлына;

экономикалық тергеп-тексеру қызметінің генерал-майоры арнаулы атағы:

Асанбаев Еркебұлан Төлегенұлына,

Әлиев Данияр Дұппайұлына,

Исмагулов Нұржан Нығметұлына;

полиция генерал-майоры арнаулы атағы:

Қабдұлдинов Айдын Тоқтарұлына,

Оразбаев Нұрхат Кенжебайұлына,

Рысбаев Айдос Какашаұлына;

3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі сыныптық шені:

Әбілов Берік Рақатұлына,

Қойгелдиев Ғалымжан Мәмбетұлына,

Өтегенов Ерлан Рахымжанұлына берілсін.

Өзгелердің жаңалығы