Талдықорғаннан Өскеменге дейінгі тасжолдың 768 шақырымына асфальт төселді

19 Мамыр 2024, 04:15
569
Бөлісу:
Талдықорғаннан Өскеменге дейінгі тасжолдың 768 шақырымына асфальт төселді
Фото: Көлік министрлігінің баспасөз қызметі

Бұл туралы ҚР Көлік министрлігі, автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Төлеген Абдуллин мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Биыл «Талдықорған – Қалбатау – Өскемен» автомобиль жолын толық пайдалануға беру жоспарланып отыр. Қайта қалпына келтіру жұмыстары бойынша атқарылып жатқан жобаның 16 учаскесіне асфальттың жоғарғы қабатын төсеу үшін 1 мыңнан астам маман мен 900-ге жуық арнайы техника жұмылдырылған. Бірқатар учаскелерді пайдалануға беру жаздың басына межеленген.

Жолдың барлық ұзындығының бойында орналасқан көпірлер мен мал айдау өткелдерінің құрылысы бойынша да жұмыстар аяқталуда. Осы уақытқа дейін 40 көпір мен 6 өткел салынды.

Сондай-ақ аталған жобаның аясында бір көлік айрығы қарастырылған. Айта кетейік, аталған көлік айрығы 85%-ға дайын.

Жоба шеңберінде атқарылып жатқан құрылыс жұмыстары күндіз-түні, яғни екі ауысыммен жүріп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы