ШҚО автожолдарында 30 интернет антеннасы орнатылады

19 Мамыр 2024, 00:50
445
Бөлісу:
ШҚО автожолдарында 30 интернет антеннасы орнатылады
Фото: baq.kz

"Қолжетімді интернет" ұлттық жобасы бойынша Шығыс Қазақстан облысының әр жеріне, нақты айтқанда республикалық маңызы бар жолдардың бойына 30 антенна орнатылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

7 антенаны орнату орындары қазірдің өзінде анықталып қойды. Ол Тарбағатай, Зайсан, Катонқарағай аудандарына және Алтай, Үлкен Нарын, Марқакөл аудандарында орнатылмақ, - деп хабарлады облыстық цифрландыру және архивтер басқармасы.

Айта кетейік, 2025 жылдың соңына дейін облысымыздың республикалық маңызы бар жолдарында 30 антенна қойлатын болады.

Өзгелердің жаңалығы