Жер бетінде екі күн бойы күшті магниттік дауыл болуы мүмкін

10 Мамыр 2024, 08:55
23590
Бөлісу:
Жер бетінде екі күн бойы күшті магниттік дауыл болуы мүмкін
Фото: xras.ru

Астрономдар 10 және 11 мамыр күндері G2-G3 (орташа және күшті) күшке ие магниттік дауыл болатынын болжады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Күн-жер физикасы институтының күн астрономиясы зертханасының мамандары 8 мамырда таңертең Күн тарапында жерге қарай массаның шығарындысы байқалды деп отыр. Жоғары балды (Х1 деңгейлі) жаңа жарқылды плазма бұлты Астана уақыты бойынша сағат 10:00-де байқалған.

Қазіргі уақытта Жерге шығарындының қозғалысы ғарыш коронографтарының бақылауы арқылы расталды. Жерге күн массасының алдын ала кірісі 11 мамырда күтілуде. Магниттік дауылдың ықтимал күші G2-G3 деп бағаланды, - делінген зертхана таратқан хабарламада.

Рентген сәулелену қуатына байланысты күн жарқылы A, B, C, M және X сынды бес санатқа бөлінеді.

Бұл қазіргі күн белсенділігінің жарқылында ең ірісі деп саналады.

Массаның келісі Күннің Жерге ықпалының ең күшті түрі, себебі үлкен кинетикалық энергияға ие әрі Жердегі магниттік өріске тікелей соққы береді.

Өзгелердің жаңалығы