Тоқаев заңға бағыну жайлы: Өркениетті елдердің бәрінде солай

19 Сәуір 2023, 12:06
809
Бөлісу:
Тоқаев заңға бағыну жайлы: Өркениетті елдердің бәрінде солай
Фото: zhanaqorgan-tynysy.kz

Елімізде заң мен тәртіп қатаң сақталуы қажет. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдің әлеуметтік-экономикалық дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Елімізде заң мен тәртіп қатаң сақталуы қажет. Мен бұл туралы үнемі айтып жүрмін. Заң үстемдігі болмаса, тұрақтылық та болмайды. Ал тұрақтылық жоқ жерде ешқандай даму да болмайды. Сондықтан азаматтарымыз заңға бағынуы керек, ал құзырлы органдар заң бұзушылықтың алдын алуға тиіс, - деді Тоқаев.

Оның айтуынша, қоғамның қауіпсіздігін және тұрақтылығын сақтау – мемлекеттің басты міндеті.

Өркениетті елдердің бәрінде солай. Әкімдер – мемлекеттің жергілікті жердегі өкілі. Сондықтан бұл жұмысқа баса мән беру қажет, - деді Мемлекет басшысы.

Өзгелердің жаңалығы