Тоқаев "Загульба" резиденциясына барды

11 Наурыз 2024, 14:02
335
Бөлісу:
Тоқаев "Загульба" резиденциясына барды
VIDEO
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Президентінің «Загульба» резиденциясына барды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Резиденцияда Қазақстан Президентін салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті.

Құрмет қарауылының бастығы екі ел басшыларына рапорт берді. Қазақстан мен Әзербайжанның мемлекеттік әнұрандары шырқалғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

Салтанатты рәсімнен кейін екі ел басшылары келіссөз залына өтті.

Өзгелердің жаңалығы