Тоқаев Вьетнам Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

2 Қыркүйек 2023, 13:22
507
Бөлісу:
Тоқаев Вьетнам Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Во Ван Тхыонгты және Вьетнам халқын ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Біз шынайы достық пен табысты саяси диалогқа негізделген Вьетнам Социалистік Республикасымен арадағы конструктивті серіктестікті жоғары бағалаймыз. Жуырда Ханойда Қазақстан-Вьетнам қатынастарының барлық бағыты бойынша өткен ашық әрі мазмұнды талқылауларымызды ерекше еске аламын, – деп жазылған жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін растап, Вьетнам басшысының игі бастамаларына табыс тіледі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам Социалистік Республикасының Президенті Во Ван Тхыонгтың шақыруымен 20-22 тамыз күндері Ханойға ресми сапармен барғанын еске сала кетейік. 

Өзгелердің жаңалығы