Тоқаев үш елдің үкімет басшыларымен кездесті

25 Қыркүйек 2023, 16:38
736
Бөлісу:
Тоқаев үш елдің үкімет басшыларымен кездесті
PHOTO
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей, Беларусь және Қырғызстан үкіметтерінің басшыларымен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей, Беларусь және Қырғызстан үкіметтерінің басшыларына ілтипат білдіре отырып, қазақ жерінде тұңғыш рет өткізіліп жатқан халықаралық «Иннопром. Қазақстан» өнеркәсіп көрмесіне қолдау көрсеткені үшін оларға ризашылық білдірді. 

Тоқаев үш елдің үкімет басшыларымен кездесті

Сіздердің арнайы келгендеріңіз көрменің мәртебесін арттырғаны сөзсіз және тығыз сауда-экономикалық қатынастарымызды тағы бір рет дәлелдеді. Бүгінде аталған іс-шара тұрақты іскерлік алаңға айналып келеді. Бұл – қуанышты жайт. Көрме аясында әлеуетті серіктестер мен инвесторлар елдеріміздің индустриялық секторының жетістіктерімен жақынырақ танысады, сондай-ақ өзара тиімді жобаларды іске асыру үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашылады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Тоқаев үш елдің үкімет басшыларымен кездесті

Мемлекет басшысының айтуынша, өнеркәсіп, энергетика, машина жасау, ауыл шаруашылығы және экономиканың басқа да салаларында бірлескен кәсіпорындар мен ірі жобалар саны артып келеді. 

Тоқаев үш елдің үкімет басшыларымен кездесті

Бұл Одаққа мүше елдердің сыртқы сауда көлемінің үздіксіз ұлғайып, биылғы бірінші жартыжылдықта 13 пайызға жеткенінен байқалады.

Тоқаев үш елдің үкімет басшыларымен кездесті
Өзгелердің жаңалығы