Тоқаев Үкіметті таратты

29 Наурыз 2023, 16:10
722
Бөлісу:
Тоқаев Үкіметті таратты
Фото: Ақорда

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 4-бабына сәйкес жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің алдында Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілеттігін доғаруына байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі өз міндеттерін атқаратын болсын, - делінген құжатта.

Айта кетейік, Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Өзгелердің жаңалығы