Тоқаев Үкіметке Жаңаөзендегі жағдайды тез арада қарастыруды тапсырды

3 Қаңтар 2022, 09:00
2293
Бөлісу:
Тоқаев Үкіметке Жаңаөзендегі жағдайды тез арада қарастыруды тапсырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында Жаңаөзендегі жағдайға қатысты жазба жариялады.

Үкіметке Жаңаөзендегі жағдайды экономикалық тұрғыдан ескеріп, құқықтық жағынан тез арада қарастыруды тапсырдым. Шеруге шыққандар қоғамдық тәртіпті бұзбауы тиіс. Азаматтардың жергілікті және орталық билік органдарына талабын ашық айтуға құқығы бар, бірақ, бұл заңға, нақтырақ айтқанда, бейбіт шерулер туралы заңға сәйкес жүзеге асырылуы керек, –  делінген хабарламада. 

Өзгелердің жаңалығы