Тоқаев: Үкімет пен әкімдер жұмыс істеу тәсілін түбегейлі өзгертуге тиіс

7 Ақпан 2024, 11:58
324
Бөлісу:
Тоқаев: Үкімет пен әкімдер жұмыс істеу тәсілін түбегейлі өзгертуге тиіс
Фото: BAQ.KZ - архив

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен әкімдерге тапсырма берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Өткен жыл еліміз үшін табысты болды деп айтуға болады. Әрине, шешімін таппаған өзекті мәселелер әлі де бар. Сондықтан еліміздің сапалы дамуы үшін тиісті шешімдерді қабылдауымыз қажет. Біз алдағы уақытта жаңа экономикалық бағдармен жүреміз десек, Үкімет және әкімдер жұмыс істеу тәсілін түбегейлі өзгертуге тиіс. Ұлттық экономиканы өркендету үшін жаңа идеялар және ұзақ мерзімге арналған жүйелі ұстаным қажет, - деп айтты Президент.

Тоқаев еліміздің даму қарқынын күшейтуіміз керегін айтты. Мемлекет басшысы экономиканы әртараптандырып, шетелден көбірек инвестиция тарту қажеттігін айтты.

Үкіметтің басты міндеттерінің бірі – экономикалық қызмет субъектілерінің бәріне бірдей жағдай жасау. Экономикаға жаңа серпін беру үшін Үкімет кәсіпкерлермен, инвесторлармен толыққанды серіктес ретінде тығыз байланыста жұмыс істеуі қажет. Мемлекеттік аппарат барынша тиімді және үйлесімді жұмыс істеуі керек. Қағазбастылық, көзбояушылық дегенді доғару қажет. Осындай жағымсыз үдерістердің кесірінен жұрттың реформаға және Әділетті Қазақстанға деген сенімі азаяды. Жоғарыдан тапсырма берілгенін, азаматтардан арыз түскенін немесе жағдайдың нашарлап кеткенін күтіп отырмау керек. Бастама көтеріп, дербес жұмыс істей білу қажет, - деп тапсырды Тоқаев.

Өзгелердің жаңалығы