Тоқаев Анкараға жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады BAQ.KZ.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Анкараға жұмыс сапарымен келді. Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен Түркия Президентін ұлықтау рәсіміне қатысады, - делінген хабарламада.
Еске салсақ, Түркиядағы Президент сайлауында Ердоған жеңіске жетті. Ол сайлаушылардың 52,16 пайыз дауысын жинап жеңімпаз атанды. Енді ол Түркияны 2028 жылға дейін басқарады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайып Ердоғанды Түркияда өткен президент сайлауының екінші кезеңіндегі жарқын жеңісімен құттықтап, елдерімізді тарихи достық және ынтымақтастық байланыстар біріктіретінін айтқан еді.