Тоқаев Ердоғанды президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады

29 Мамыр 2023, 08:22
786
Бөлісу:
Тоқаев Ердоғанды президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады
Фото: baq.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайып Ердоғанды Түркияда өткен президент сайлауының екінші кезеңіндегі жарқын жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Елдерімізді тарихи достық және ынтымақтастық байланыстар біріктіреді. Осы жан-жақты ынтымақтастық стратегиясы одан әрі дами береді, - деп жазды Президент Twitter-дегі құттықтауында.

Айта кетейік, бұған дейін Түркиядағы президенттік сайлаудың екінші кезеңінде қазіргі президент Режеп Тайып Ердоған жеңіске жеткенін жазған едік.

Өзгелердің жаңалығы