Тоқаев Тәжікстан және Өзбекстан президенттерін қарсы алды

27 Қазан 2022, 16:32
872
Бөлісу:
Тоқаев Тәжікстан және Өзбекстан президенттерін қарсы алды

Бұл туралы Ақорданың ресми Телеграм каналы жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының және Еуропалық Кеңес Президентінің кездесуіне арнайы келген Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонды қарсы алды.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының және Еуропалық Кеңес Президентінің кездесуіне арнайы келген Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевті қарсы алды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық Кеңестің Президенті Шарль Мишельді де «Ақорда» резиденциясында қарсы алды.

Өзгелердің жаңалығы