Тоқаев: Сынау және барды жоқ қылу – оңай

7 Маусым 2019, 17:09
3427
Бөлісу:
Тоқаев: Сынау және барды жоқ қылу – оңай

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің жастарына қатысты көзқарасын білдірді. Бұл туралы Мемлекет басшысы өзінің твитердегі парақшасында жазды.

"Билік пен қоғамның диалогы Қазақстанның дамуы және оның қуатын арттыру туралы сан алуан пікірлерді негізге алуы тиіс. Бұл - ұлт бірлігі мен ел тұрақтылығын күшейтудің басты жолы" - деді Қасым-Жомарт Тоқаев өз жазбасында.

Сонымен қатар, Президент жастардың Отанына адал екенін айтты.

"Біздің жастарымыз білімді, ұшқыр ойлы, Отанына адал! Олар өз армандарына қол жеткізуі үшін барлық мүмкіндіктер жасалады" - деді Президент.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы қазіргі елімізде жасалып жатқан игі істердің барлығы да жастар үшін екенін атап өтті.

"Бүгінгі игі істеріміздің барлығы жастарға арналған. Сынау және барды жоқ қылу – оңай, ал жасампаздықтың жолы – қиын. Ізімізді басқан жас буынға зор үміт артамыз. Бүкіл мемлекеттік жүйені қамтитын реформалар жалғасын табады" - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Мемлекет басшысы ел жастары елдегі реформаларда қозғаушы күш бола алатынын айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы