Тоқаев Шавкат Рахмоновты UFC-дегі жеңісімен құттықтады

8 Желтоқсан 2024, 12:03
429
Бөлісу:
Тоқаев Шавкат Рахмоновты UFC-дегі жеңісімен құттықтады
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ирландиялық Иан Гэрриден басым түскен Шавкат Рахмоновты UFC-дегі кезекті жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекет басшысы қазақстандық атлеттің кәсіби спортта жетістіктерге жете беруіне тілектестік білдірді.

Айта кетейік, бүгін қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавхат Рахмонов UFC 310 турнирінде қарсыласы ирландиялық файтер Иан Машадо Гэрриді жеңіп, жартылай орта салмақтағы чемпиондық атаққа қарсыласуға мүмкіндік алды.

Өзгелердің жаңалығы