Тоқаев Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

16 Наурыз 2022, 18:52
1148
Бөлісу:
Тоқаев Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Екі ел басшылары сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтуға және өңірлік кооперацияны кеңейтуге мән бере отырып, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық серіктестікті дамытудың перспективаларын талқылады.

Әңгімелесу барысында Шавкат Мирзиёевтің Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары аясында қол жеткізілген уағдаластықтарды тиімді іске асыруға, сондай-ақ сыртқы экономикалық ахуалдың кері әсерін азайтуға бағытталған күш-жігерді тығыз үйлестіруге баса мән берілді.

Әңгіме соңында Президенттер бір-бірін Наурыз мерекесімен құттықтады.

Өзгелердің жаңалығы