Тоқаев Щучинскіде жас домбырашыларды тыңдап, спортшылармен кездесті

Мемлекет басшысы жаңғыртылған экосаябақ пен Burabay Arena-ны аралап, өңірдегі спорт пен туризмнің дамуына қатысты маңызды ақпаратпен танысты.

Бүгiн 2026, 18:06
АВТОР
 Ақорданың баспасөз қызметі Бүгiн 2026, 18:06
Бүгiн 2026, 18:06
226
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Президент Щучинск қаласындағы бірқатар нысанды аралап көрді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Шучинск қаласының экосаябағы таныстырылды.

Таяуда жаңғыртылған қоғамдық кеңістікте тұрғындардың серуендеп, спортпен шұғылдануына барлық жағдай жасалған.

Президент жергілікті жас домбырашылардың өнерін тамашалады. Ұлттық домбыра күніне әзірленіп жатқан өнерпаздар бірнеше күй орындап берді, - делінген Ақорданың хабарламасында.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Burabay Arena спорт сарайына барды.

Қасым-Жомарт Тоқаев кешендегі үстел теннисі, бассейн, және жаттығу залдарын аралап көрді. Мұнда спорттың алты түрі бойынша үйірмелер жұмыс істейді.

Мемлекет басшысына өңірдегі спорт және туризм салаларының даму барысы жөнінде баяндалды.

Сонымен қатар Президент облыстың танымал спортшыларымен әңгімелесті.

Атлеттер отандық спортқа жан-жақты қолдау көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Шоқан Уәлиханов атындағы әскери колледжге барды. Онда Президентке Уәлиханов атындағы әскери колледжде «Aibyn App» цифрлық платформасы таныстырылды.

Наверх