Тоқаев: Құқық қорғау жүйесіне түбегейлі реформа жасаймыз

23 Маусым 2022, 17:11
1374
Бөлісу:
Тоқаев: Құқық қорғау жүйесіне түбегейлі реформа жасаймыз

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан полициясының 30 жылдығына арналған салтанатты жиында айтты.

Біз құқық қорғау жүйесіне түбегейлі реформа жасауды көздеп отырмыз. Бұл өзгерісті халықтың қолдауымен ғана табысты жүзеге асыра аламыз. Референдумның нәтижесі бағдарымыздың дұрыс екенін көрсетті. Алдымызда ауқымды жұмыс бар. Басты міндет – полицияның ұстанымын өзгертіп, жұмыстың жаңа үлгісіне көшу. Бұл – негізгі мақсат азаматтармен тығыз жұмыс істеп, қылмыстың алдын алу деген сөз, – деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ Президент құқық қорғау саласындағы әрбір маманның қызметі маңызды екенін айтты.

Құқық қорғау органдарының жұмысы –  ауыр әрі қатерлі. Бұл саладағы әрбір маманның қызметі маңызды. Халқымыздың бейбіт өмір сүріп, өз елінің болашағына сеніммен қарауы – сіздердің адал қызметтеріңізге байланысты.  Жұрт өздеріңізге үміт артады. Қауіпсіздігімізді қорғайды деп сенеді.  Сіздер осы сенімді ақтап келесіздер. Құқық қорғаушылардың еңбегі қашанда жоғары сый-құрметке лайық.

Өзгелердің жаңалығы