Тоқаев Қонаев қаласының Бас жоспарымен танысты

5 Қыркүйек 2023, 18:49
896
Бөлісу:
Тоқаев Қонаев қаласының Бас жоспарымен танысты
PHOTO
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қонаев қаласының Бас жоспарымен танысты, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тоқаев Қонаев қаласының Бас жоспарымен танысты

«Урбостиль» ЖШС директоры Любовь Нысанбаева Мемлекет басшысына облыс орталығының аумағы 2050 жылға қарай 19 мың гектарға ұлғайып, халық саны 200 мың адамға жетеді деген болжам жасалып отырғанын айтты. 

Қаланы дамыту және жаңа мәдени-қоғамдық орталық салу үшін «Жаңа-Іле» алаңы таңдалып алынды. Онда әлеуметтік-тұрмыстық, мәдени, тұрғын үй, білім беру және рекреациялық нысандар салу көзделген. 

Тоқаев Қонаев қаласының Бас жоспарымен танысты

Жүйе құраушы кластерлер мен кәсіпорындарда 20 мыңнан астам жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. Бұл 30 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтитын көптеген шағын және орта бизнес субъектісінің құрылуына ықпал етеді. 

Тоқаев Қонаев қаласының Бас жоспарымен танысты

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Мемлекет басшысына қоғамдық жағажайды абаттандыру жобасын таныстырды. Әкімнің айтуынша, бірегей жобаның – ұзындығы 1000 метр болатын су променадының құрылысы басталады. Оны алдағы уақытта 3000 метрге дейін жеткізу көзделген. Кездесу барысында облыс басшысы өңірді цифрландыру мәселесіне ерекше назар аударды. 

Тоқаев Қонаев қаласының Бас жоспарымен танысты

Президентке 67 әлеуметтік нысанды жоғары жылдамдықпен жұмыс істейтін интернетке қосу жобасының жүзеге асырылуы, сондай-ақ 5G жобасын одан әрі іске асыру үшін жалпы ұзындығы 104 шақырым талшықты-оптикалық байланыс желісінің төселуі жөнінде мәлімет берілді. 

Тоқаев Қонаев қаласының Бас жоспарымен танысты

Қаладағы қоғамдық қауіпсіздікті үздіксіз мониторинг жасау мақсатында 412 бейнебақылау камерасы орнатылып жатыр. Алматы облысының мектептерінде қауіпсіздіктің интеграцияланған жүйесін құру аталған бастамалардың маңызды бөлігі саналады. Жоба аясында облыстың 125 мектебіне Жедел басқару орталығына қосылған 4 мың камера орнатылады. Бұл платформа ықтимал қауіптерге қарсы жылдам әрекет етуге және қолайлы білім беру ортасын құруға мүмкіндік береді.

Өзгелердің жаңалығы