Тоқаев ҚХР Төрағасы атынан ұйымдастырылған ресми қабылдауға келді

17 Қазан 2023, 20:19
492
Бөлісу:
Тоқаев ҚХР Төрағасы атынан ұйымдастырылған ресми қабылдауға келді
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары деңгейдегі «Бір белдеу, бір жол» бастамасының ІІІ форумына қатысатын делегация басшыларының құрметіне орай ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің атынан ұйымдастырылған ресми қабылдауға келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекет басшысы жоғары деңгейдегі «Бір белдеу, бір жол» форумының аясында бейресми жағдайда Индонезия Президенті Джоко Видодомен, Пәкістан Премьер-министрінің міндетін атқарушы Анвар-ул-Хак Какармен, Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухпен, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеёвпен, Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбанмен, Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовпен және БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен жүздесті. Әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты. 

Сондай-ақ өзара ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады.

Өзгелердің жаңалығы