Тоқаев Қатарға алғашқы мемлекеттік сапары қалай өткенін айтты

15 Ақпан 2024, 12:43
356
Бөлісу:
Тоқаев Қатарға алғашқы мемлекеттік сапары қалай өткенін айтты
VIDEO
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Қатарға алғашқы мемлекеттік сапардың қорытындыларын жоғары бағалайтынын атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Президент Instagram-дағы ресми парақшасында мәлім етті.

Қатарға алғашқы мемлекеттік сапардың қорытындыларын жоғары бағалаймын. Қатар Мемлекетінің Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен мазмұнды келіссөз нәтижелері бойынша қазақ-қатар қарым-қатынастары стратегиялық серіктестік деңгейіне көтерілгенін айрықша атап өткім келеді. Екі ел арасындағы ынтымақтастықтың ерекше сипатын сапар аясында қол қойылған өте маңызды құжаттар дәлелдейді. Қатар Мемлекетімен өзара тиімді ықпалдастықты бауырлас халықтарымыздың игілігі үшін арттыра береміз, - деп жазды ол.

Өзгелердің жаңалығы