Тоқаев Қатар Әмірімен телефон арқылы сөйлесті

23 Наурыз 2023, 22:00
799
Бөлісу:
Тоқаев Қатар Әмірімен телефон арқылы сөйлесті
Фото: t.me/aqorda_resmi

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың ресми телеграм арнасына сілтеме жасап.

Мемлекеттер басшылары бір-бірін қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтап, Қазақстан мен Қатар халықтарына бақ-береке тіледі.

Әңгімелесу барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту перспективалары талқыланды. Сондай-ақ Қатар Әмірінің былтыр қазан айында Астанаға жасаған мемлекеттік сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды тиімді жүзеге асыру мәселесіне ерекше назар аударылды.

Тараптар екі ел арасындағы өзара сауда-саттық қарқынын сақтауға және қаржы саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыруға ниетті екенін растады.

Өзгелердің жаңалығы