Тоқаев Путиннің шақыруымен Санкт-Петербург қаласына барды

25 Желтоқсан 2023, 17:32
568
Бөлісу:
Тоқаев Путиннің шақыруымен Санкт-Петербург қаласына барды
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путиннің шақыруымен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысу үшін Санкт-Петербург қаласына келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің басшылары интеграциялық процестерді одан әрі дамытудың басты міндеттері мен негізгі бағыттарын талқылауды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ Қазақстан Президенті ТМД елдері басшыларының бейресми кездесуіне де қатысады.

Өзгелердің жаңалығы