Трамп: АҚШ Венесуэланың мұнай қорының бір бөлігін бақылауға алады

АҚШ тарапы бұл қадам Венесуэлаға инвестиция тартуға және Америкадағы жанармай бағасын төмендетуге ықпал етеді деп күтеді.

 Isaac Urrutia / Reuters 30 Тамыз 2026, 00:33
30 Тамыз 2026, 00:33
207
Фото: Isaac Urrutia / Reuters

АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтон Венесуэланың орасан зор мұнай қорының бір бөлігін бақылауға алатынын мәлімдеді. Бұл туралы Reuters хабарлады.

Трамптың айтуынша, АҚШ жеке бизнеспен серіктестік аясында Венесуэланың дәлелденген мұнай қорының 65 млрд баррельден астам бөлігін бақылауға алу жөнінде келісімге келген. Бұл елдің жалпы мұнай қорының шамамен бестен біріне тең.

Келісім АҚШ компанияларының Венесуэла мұнай өнеркәсібіндегі рөлін айтарлықтай кеңейтуді көздейді. Вашингтон америкалық компаниялардың көмегімен елдегі мұнай өндірісін қалпына келтіріп, АҚШ мұнай өңдеу зауыттарына шикізат жеткізуді ұлғайтуды жоспарлап отыр.

АҚШ тарапы бұл қадам Венесуэлаға инвестиция тартуға және Америкадағы жанармай бағасын төмендетуге ықпал етеді деп күтеді.

Венесуэланың уақытша басшылығы келісімді қолдап, оның ел экономикасы мен мемлекеттік кірістердің өсуіне мүмкіндік беретінін мәлімдеді.

Дегенмен Reuters келісімді жүзеге асыруға құқықтық мәселелер мен Венесуэланың мұнай инфрақұрылымының нашар жағдайы кедергі келтіруі мүмкін екенін атап өтеді.

Наверх