Тоқаев пен Си Цзиньпин «Қазақстан – Қытай: мыңжылдық диалог» атты көрмені тамашалады

14 Қыркүйек 2022, 17:45
749
Бөлісу:
Тоқаев пен Си Цзиньпин «Қазақстан – Қытай: мыңжылдық диалог» атты көрмені тамашалады
PHOTO

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпин «Қазақстан – Қытай: мыңжылдық диалог» атты көрмені тамашалады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ресми келіссөздер аяқталғаннан кейін мемлекеттер басшылары екі елдің көне заманнан бүгінге дейінгі тарихи, мәдени байланыстарына арналған Қазақстан – Қытай: мыңжылдық диалог» атты көрмені тамашалады. 

Тоқаев пен Си Цзиньпин «Қазақстан – Қытай: мыңжылдық диалог» атты көрмені тамашалады

Көрмеге Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі, Орталық мемлекеттік музей, Тұңғыш Президент музейі және Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейі қорларынан 40-қа жуық археологиялық жәдігер, сондай-ақ сәндік қолданбалы және бейнелеу өнерінің заттары қойылған. 

Тоқаев пен Си Цзиньпин «Қазақстан – Қытай: мыңжылдық диалог» атты көрмені тамашалады

Қазақстан мен Қытай басшыларына қазақ-қытай халықтарының материалдық және рухани мәдениетінің даму сабақтастығын көрсететін бес бөлімнен тұратын көрменің құрылымы таныстырылды.

Өзгелердің жаңалығы