Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоғанға еліміздегі басты технологиялық хабқа айналуды көздейтін орталықтың әлеуеті таныстырылды.
Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев екі ел басшыларына музей экспозициясы мен ЖИ-кинотеатрын көрсетіп, орталықтың ұзақмерзімді даму стратегиясы туралы мәлімет берді.
Сонымен қатар президенттерге Astana Smart City жобасы жөнінде баяндалды.
Еске салайық, Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді.
Сондай-ақ 15 мамырда Түркістанда Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер басшыларының бейресми саммиті өтеді. Саммиттің тақырыбы – «Жасанды интеллект және цифрлық даму».