Тоқаев өзіне дәріс берген профессор Лю Шициньмен әңгімелесті

17 Қазан 2023, 11:29
410
Бөлісу:
Тоқаев өзіне дәріс берген профессор Лю Шициньмен әңгімелесті
PHOTO
Фото: Ақорда

Президент Бейжің лингвистикалық институтында тағылымдамадан өткен кезінде өзіне дәріс берген профессор Лю Шициньмен әңгімелесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

40 жылдан кейін білім алған университетіме келіп, өзіңізді аман-сау көргеніме өте қуаныштымын. Мен сіздің еңбекқорлығыңызды, табандылығыңыз бен ерік-жігеріңізді ерекше бағалаймын. Сіздің шәкірттерге берген біліміңізге баға жетпейді. Мұның бәрі сіздің кәсібилігіңізді, ыждағаттылығыңызды және өз ісіңізге деген адалдығыңызды көрсетеді. Құрметті демалыста екеніңізді білемін. Соған қарамастан, университеттің қоғамдық өміріне атсалысуды жалғастырып, мәдениетаралық байланыстардың дамуына зор үлес қосып жүрсіз, – деді Мемлекет басшысы.

Тоқаев өзіне дәріс берген профессор Лю Шициньмен әңгімелесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Лю Шициньге алғыс айтып, оған зор денсаулық пен ұзақ өмір тіледі.

Мұнан соң Мемлекет басшысына университетте оқыған кезіндегі өзінің архив құжаттарын көрсетті.

Тоқаев өзіне дәріс берген профессор Лю Шициньмен әңгімелесті

Іс-шара соңында Президент Бейжің Тіл және мәдениет университетіне Әбу Насыр Әл-Фарабидің портретін сыйлап, осы оқу орнында білім алып жатқан қазақстандық студенттермен әңгімелесті.

Тоқаев өзіне дәріс берген профессор Лю Шициньмен әңгімелесті
Өзгелердің жаңалығы