Тоқаев Орталық Азиядағы негізгі экологиялық қауіптерді атады

Табиғат геосаясатсыз өмір сүре алады, ал геосаясат табиғатсыз мүмкін емес, - деді Мемлекет басшысы.

Бүгiн 2026, 13:26
АВТОР
 Ақорда Бүгiн 2026, 13:26
Бүгiн 2026, 13:26
132
Фото: Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев RES 2026 саммитінде табиғат пен геосаясаттың өзара байланысын атап өтіп, өңірдегі экологиялық сын-қатерлерге бірлесіп әрекет етуге шақырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мемлекет басшысы елдердің ортақ экожүйеде өмір сүретінін атап өтті.

Табиғат геосаясатсыз тіршілік ете береді, ал геосаясаттың табиғатсыз күні қараң, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің айтуынша, Орталық Азия елдері ортақ табиғи ресурстар мен климаттық қауіп-қатерлерді бөліседі.

Өзен-көлдер де, табиғи ландшафттар да, климаттың қауіп-қатерлері де баршамызға ортақ. Ең бастысы, жауапкершілікті теңдей бөлісеміз, - деді ол.

Тоқаев Орталық Азия мен көршілес аймақтар тап келген ұқсас экологиялық сын-қатерлерді атап өтті:

- су тапшылығы және су ресурстарын тиімсіз басқару;

- шөлейттену;

- мұздықтардың еруі;

- ауаның ластануы;

- биоалуантүрліліктің жойылу қаупі.

Президент бұл мәселелерді шешу үшін бірлескен күш-жігер қажет екенін айтты.

Мен ең негізгі сын-қатерлер мен проблемалардың мәнін ашып, әдейі түстеп отырмын. Өйткені күш жұмылдыру арқылы аталған мәселелерді шешуде оң нәтижеге жетеміз. Бұған кәміл сенемін. Жетістіктерге тоқмейілсіп отыратын заман өтті, шешім қабылдайтын уақыт келді, - деді ол.

Еске салайық, бұған дейін Президент экология мәселесінде дамушы елдердің мүддесін ескеруге шақырды.

Наверх