Тоқаев Назарбаевқа көңіл айтты

13 Қараша 2023, 11:45
4570
Бөлісу:
Тоқаев  Назарбаевқа көңіл айтты
Фото: «Салиқалы ұрпақ» қоғамдық қоры

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болаттың қайтыс болуына байланысты Қасым-Жомарт Тоқаев Назарбаевтар әулетіне көңіл айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

Сондай-ақ Президенттің Болат Назарбаевтың жерлеу рәсіміне қатыспайтыны да хабарланды.

Бұған дейін, Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай да Болат Назарбаевтың қайтыс болғанын растаған еді.

71-ге қараған шағында созылмалы ауырудың салдарынан ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған інісі Болат Әбішұлы Назарбаев дүниеден озды, - деп жазды ол.

Өзгелердің жаңалығы