Болат Назарбаев қайтыс болды

13 Қараша 2023, 10:55
2961
Бөлісу:
Болат Назарбаев қайтыс болды
Фото: «Салиқалы ұрпақ» қоғамдық қоры

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың туған інісі Болат Назарбаев қайтыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Болат Назарбаев бір апта бұрын жансақтау бөліміне түскен болатын. Ал бүгін, 13 қарашада, сағат 9.51-де жүрегі тоқтаған. Ақпаратты Алматының Орталық клиникалық ауруханасы да растады.

Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай да Болат Назарбаевтың қайтыс болғанын растады.

71-ге қараған шағында созылмалы ауырудың салдарынан ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған інісі Болат Әбішұлы Назарбаев дүниеден озды, - деп жазды ол.

Айта кетейік, Болат Назарбаев 1953 жылы 23 наурызда туған. 

Өзгелердің жаңалығы