Тоқаев: Мемлекеттің мәселесін мемлекеттік тілде айтуымыз керек

17 Ақпан 2022, 20:35
4207
Бөлісу:
Тоқаев: Мемлекеттің мәселесін мемлекеттік тілде айтуымыз керек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «QAZAQSTAN» ұлттық телеарнасына берген сұхбатында айтты. 

Қазақ тілінде сұхбат берген Президент бұл ешқандай да кемсітушілік немесе менсінбеушілік еместігін айтты.

Менен бұған дейін көптеген телеарна бірнеше рет сұхбат беруді сұраған болатын. Мен олардың ешқайсысына келіскен жоқпын. Кейін тек «Хабар» арнасына ғана сұхбат беремін деп шештім. Себебі ел ішінде көптеген жалған ақпарат тарап жатты, соларға тоқтау салу керек болды. Сол сұхбат орыс тілінде жасалды. Өйткені, Қазақстандағы ахуал жөнінде шынайы ақпаратты, ең алдымен, әлем жұртшылығына беру керек еді. Содан кейін шетелдік ақпарат құралдары сұхбатты кеңінен таратып, барынша пайдаланды. Оны өзіңіз білесіз. Қалай десек те, орыс тілі – Біріккен Ұлттар Ұйымының алты ресми тілінің бірі. Оны мойындауымыз керек, - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Сонымен қатар Мемлекет басшысы қазақ тіліндегі сұхбаттың өз аудиториясы бар екендігін алға тартты. 

Жалпы, мемлекеттің мәселесін мемлекеттік тілде айтуымыз керек. Тіліміз бізден басқа ешкімге керегі жоқ. Сондықтан, ең алдымен, өзіміз ана тілімізге құрмет көрсетуіміз керек деп ойлаймын, - деді ел Президенті. 

Өзгелердің жаңалығы