Тоқаев Каспий маңында қарулы күш қолданбауға шақырды

Президент теңіз маңында әскери әрекеттерге тыйым салу қажет екенін айтты

Бүгiн 2026, 13:48
АВТОР
 gov.kz Бүгiн 2026, 13:48
Бүгiн 2026, 13:48
103
Фото: gov.kz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев RES 2026 саммитінде Каспий теңізі мәселесіне тоқталып, халықаралық қауымдастықты теңізді сақтау үшін бірлесіп әрекет етуге шақырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мемлекет басшысы Каспий теңізінің жағдайы Қазақстан үшін маңызды мәселе екенін атап өтті.

Еліміз Каспий теңізінің тағдырына алаңдайды. Теңіз айдынын қорғау – аймақта экологиялық тепе-теңдік пен биоалуантүрлілікті сақтау, орнықты дамуды қамтамасыз ету тұрғысынан айрықша маңызды, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің айтуынша, Қазақстан теңіз деңгейінің төмендеуіне жол бермеу үшін бірқатар бастама көтерген.

Каспий теңізінің тартылуына жол бермеу үшін мемлекетаралық бағдарлама қабылдау жөнінде бастама көтердік. Сондай-ақ Каспий теңізі ғылыми-зерттеу институтын құруға ұйытқы болдық, - деді ол.

Оның сөзінше, бұл институт өңірлік ғылыми ынтымақтастықты дамытуға ықпал етеді.

Мемлекет басшысы халықаралық серіктестерге үндеу жасады.

Барша мүдделі халықаралық тараптарды табиғаттың осы асыл қазынасын сақтау жолында күш-жігер біріктіруге шақырамыз, - деді Президент.

Сонымен қатар Тоқаев Каспий өңіріндегі қауіпсіздік мәселесіне тоқталды.

Каспий маңында қарулы күштердің қолданылуына жол беруге болмайды. Оған қатаң тыйым салынуға тиіс, - деді ол.

Еске салайық, бұған дейін Тоқаев саммитте Арал теңізі жағдайын көтерді. 

Наверх