Тоқаев Ильхам Алиевті ел іргесін бекемдеуімен құттықтады

3 Қараша 2023, 12:18
378
Бөлісу:
Тоқаев Ильхам Алиевті ел іргесін бекемдеуімен құттықтады
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

Елордада Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) мерейтойлық Х саммитінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан президентін құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қадірлі Ильхам Гейдар оглы Алиев мырзаны және Әзербайжан халқын ел іргесін бекемдеуімен құттықтаймын. Сіздің еліңіз аумақтық тұтастығын қалпына келтіріп, дамудың жаңа тарихи дәуіріне қадам басты. Осы тарихи қадам БҰҰ-ның Жарғысына және Қауіпсіздік кеңесінің қарауына сәйкес жүзеге асты, - деді Президент.

Сонымен қатар Тоқаев Өзбекстан президентіне Түркі елдерінің тұтастығын нығайтуға зор үлес қосқанын үшін ерекше алғысын айтты.

Айта кетейік, Астанада Түркі мемлекеттері ұйымының Х саммиті өтіп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы