Тоқаев Халықаралық волонтер күнімен құттықтады

5 Желтоқсан 2023, 10:06
456
Бөлісу:
Тоқаев Халықаралық волонтер күнімен құттықтады
Фото: Артём Чурсинов - архив

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық волонтер күнімен құттықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгін – Халықаралық волонтер күні. Біз өзгеге қол ұшын беретін жандарды әрдайым құрметтейміз. Еріктілер мейірімділік пен сүйіспеншіліктің, тілектестік пен жауапкершіліктің озық үлгісін көрсетіп келеді. «Адал азамат» тұжырымдамасының тірегі – осы мызғымас құндылықтар. Қоғамға пайдалы іс-шараларға атсалысатын, қайырымдылық жобаларын жүзеге асыратын және мұқтаж адамдарға қамқорлық танытатын барша азаматтарға алғыс айтамын. Сіздердің жасампаздыққа толы қызметтеріңіз – шынайы отаншылдықтың көрінісі. Мемлекет волонтерлерге қолдау көрсете береді, – деп жазды Президент өзінің Х парақшасына.

Өзгелердің жаңалығы