Тоқаев «Хабар» Агенттігі» АҚ Басқарма төрағасы Берік Уәлиді қабылдады

18 Сәуір 2023, 17:33
875
Бөлісу:
Тоқаев «Хабар» Агенттігі» АҚ Басқарма төрағасы Берік Уәлиді қабылдады
Фото: Ақорда

Президентке «Хабар» Агенттігі» акционерлік қоғамының қызметін заман талабына сай жаңғырту жөнінде берілген тапсырмалардың орындалуы туралы баяндалды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Агенттік қызметкерлерін әлеуметтік жағынан қолдау шараларына, жаңадан құрылған облыстардың орталықтары – Жезқазған, Қонаев қалаларында меншікті тілшілер пункттерін ашуға қатысты мәселелер шешілген.

Мемлекет басшысына «Хабар» Агенттігін» техникалық тұрғыда жаңғырту жоспары, 2022-2023 жылдары акционерлік қоғамның құрамына кіретін телеарналарда қолға алынған ақпараттық, қоғамдық-саяси және танымдық жобалар жайлы мәлімет берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Агенттіктің атқарған жұмысын оң бағалады және мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру ісінде маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы