Тоқаев Екібастұзда Шығармашылық үйін салуды тапсырды

9 Тамыз 2023, 15:29
882
Бөлісу:
Тоқаев Екібастұзда Шығармашылық үйін салуды тапсырды
PHOTO
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Екібастұз тұрғындарымен әңгімелесті, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қала тұрғындары үйлерін жылумен қамтамасыз етудің мән-жайы туралы айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев былтырғы төтенше жағдай қайталанбауы үшін Үкімет тарапынан барлық қажетті шаралар қабылданып жатқанын мәлімдеді. Сонымен қатар тұрғындар мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау үшін алғыс айтып, Президенттен қаланы абаттандыру және әлеуметтік нысандар салу мәселесін көтерді. 

Тоқаев Екібастұзда Шығармашылық үйін салуды тапсырды

Атап айтқанда, Екібастұз қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Самат Рамазанов «Шахтер» саябағына күрделі жөндеу жүргізу қажет екенін айтты. 

Тоқаев Екібастұзда Шығармашылық үйін салуды тапсырды

Ал көпбалалы ана Аяна Смағұлова қалада балалардың бос уақытын тиімді өткізіп, олардың жан-жақты дамуына арналған Шығармашылық үйін салып беруді сұрады. Мемлекет басшысы тұрғындардың өтініштерін назарға алып, тиісті тапсырма беретінін жеткізді. 

Дұрыс айтасыз. Назарға аламыз. Қысқа уақытта Шығармашылық үйін саламыз. Жалпы, бізге ел көлемінде өскелең ұрпақтың игілігі үшін нысандарды көбірек салу керек. Спортпен айналысу керек екенін айтып жүрмін ғой. Балалаларды спортқа баулу керек. Бірақ ол үшін лайықты спорт алаңдары, стадиондар қажет. Тіпті, ондай спорт нысандар елорда да жетіспейді. Сондықтан әкімдер бұл мәселемен міндетті түрде айналысуы керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Тоқаев Екібастұзда Шығармашылық үйін салуды тапсырды

Еске салсақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысына жұмыс сапарымен барды. Ол өңірдегі бірқатар өндірістік, әлеуметтік нысанды аралап көреді деп жоспарланып отыр. 

Бұған дейін Президент Екібастұздағы жылу электр орталығында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарымен танысып шығып, қаладағы былтыр қыстағыдай коммуналдық апат қайталанбауы керек екенін ескертті.

Сонымен қатар ел басшысы Екібастұздың жылыту маусымына дайындығын өзі аралап жүріп, тексеріп шықты.

Мемлекет басшысы қыркүйек айында жарияланатын Қазақстан халқына Жолдауында елдің экономикалық саясаты туралы өзінің көзқарасын баяндауды жоспарлап отырғанын мәлім етті.

Өзгелердің жаңалығы