Тоқаев Екібастұздың жылыту маусымына дайындығын тексеріп шықты

9 Тамыз 2023, 13:26
473
Бөлісу:
Тоқаев Екібастұздың жылыту маусымына дайындығын тексеріп шықты
PHOTO
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы орамішілік және магистральдық желілердің алдағы жылыту маусымына дайындық барысын тексерді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Ақорданың ресми сайты мәлімдеді.

Тоқаев Екібастұздың жылыту маусымына дайындығын тексеріп шықты

Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановтың айтуынша, бүгінде магистральдық және орамішілік желілерге жүргізілген гидравликалық сынақтар нәтижесінде анықталған 304 ақау жойылып, 62 шақырым құбыр мен 95 дана бекіту арматурасының 76-сы ауыстырылды. Сондай-ақ Үкімет резервінен бөлінген қаражат есебінен 5,4 шақырым жылу магистралі жаңартылып жатыр.

Тоқаев Екібастұздың жылыту маусымына дайындығын тексеріп шықты

Жалпы, облыс әкімдігінің мәліметі бойынша, Екібастұздағы апатты жағдайлардың алдын алу үшін екі жобаны іске асыру аса қажет. 

Тоқаев Екібастұздың жылыту маусымына дайындығын тексеріп шықты

Бірінші жоба – Екібастұз ЖЭО-на техникалық судың үздіксіз берілуін қамтамасыз ететін магистральдық құбыр құрылысы. Екіншісі – жаңа жылу магистралінің құрылысы. Бұл қаланың төрт шағын ауданындағы жылу жүйесінің теңгерімділігін қамтамасыз етіп, 9 мыңнан астам қала тұрғынын жылумен қамтамасыз ету параметрлерін айтарлықтай жақсартады.

Тоқаев Екібастұздың жылыту маусымына дайындығын тексеріп шықты
Өзгелердің жаңалығы