Тоқаев Дүниежүзілік экономикалық форумның қатысушыларына бейнеүндеу жасады

24 Мамыр 2022, 21:23
1690
Бөлісу:
Тоқаев Дүниежүзілік экономикалық форумның қатысушыларына бейнеүндеу жасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік экономикалық форумның қатысушыларына бейнеүндеу жасады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы өз үндеуінде әлемдік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерге назар аударды.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, COVID-19 пандемиясына қатысты жағдай мен Украинадағы оқиғалар әлемдік экономиканың бөлшектенуіне түрткі болды. Бұл Еуразия құрлығында жаңа геосаяси сынаққа алып келді.

Президент еліміздің әлемдік нарықтарға тауарларды, шикізатты және ауыл шаруашылығы өнімдерін үздіксіз жеткізу ісін қамтамасыз етуде сенімді серіктес болып қала беретінін мәлімдеді.

«Жасыл» экономиканы дамыту, энергетиканың тиімділігін арттыру және жаңартылатын энергия секторын өркендету біздің Көміртегін төмендету жөніндегі стратегиямыздың басымдықтары саналады.  Бұл 2060 жылға қарай қалдықтарды мүлде жоюға оңтайлы жол ашады, – деді Қазақстан Президенті.

 Қасым-Жомарт Тоқаев сөзінің соңында Қазақстанның адам құқықтары мен заң үстемдігі саласындағы халықаралық міндеттемелер мен қағидаттарға адал екенін атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы