Тоқаев дербес деректер алмасуға қатысты келісімді ратификациялау туралы заңға қол қойды

1 Сәуір 2022, 17:38
1384
Бөлісу:
Тоқаев дербес деректер алмасуға қатысты келісімді ратификациялау туралы заңға қол қойды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы «Дербес деректер алмасу саласындағы әкімшілік мәселелер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімді ратификациялау туралы» заңға қол қойды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы «Дербес деректер алмасу саласындағы әкімшілік мәселелер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды, - делінген хабарламада.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Өзгелердің жаңалығы