Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар заңдарға қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Президент алдымен «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі және құқық бұзушылық профилактикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Бұдан бөлек, Президент «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Ақорданың мәліметінше, аталған заңдардың толық мәтіні бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Бұған дейін Қазақстанда кімдер қылмыстық және әкімшілік рақымшылыққа ілігуі мүмкін екенін жаздық.
Тағы оқи отырыңыз: Қазақстанда рақымшылық жарияланады: Кім босатылады, кімге кешірім жоқ?
Айыппұлдар кешіріледі: Тұңғыш әкімшілік амнистияға қандай бұзушылықтар ілігеді?
Қазақстанда азаматтардың миллиардтаған қарызы кешіріледі