Тоқаев: Білім саласындағы реформалар мұғалімдерді қажытып, күйзеліске ұшыратпауы керек

Астанадағы тамыз конференциясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев білім саласындағы реформаларды асығыс жүргізуге болмайтынын айтты.

26 Тамыз 2026, 13:00
АВТОР
 ©BAQ.KZ/Артем Чурсинов 26 Тамыз 2026, 13:00
26 Тамыз 2026, 13:00
155
Фото: ©BAQ.KZ/Артем Чурсинов

Мемлекет басшысы әр өзгерісті алдын ала жан-жақты саралап, оның тиімділігіне көз жеткізу қажеттігін атап өтіп, реформалар мұғалімдерді қажытып, күйзеліске ұшыратпауы тиіс екенін ескертті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Тоқаев мұғалімдердің біліктілігін көтеру мәселесіне ерекше назар аудару да маңызды екенін айтты.

Алайда осы саладағы кезекті ауқымды реформа жасаймыз деп бүкіл оқу жүйесін қысқа мерзімде түбегейлі өзгертуге болмайды. Әйтпесе бұрыннан қалған теріс нәтижелер осы аса маңызды саланың тас-талқанын шығарғаны есімізде бар. Осындай сынақтар оқу саласына үлкен зиян әкелді. Тек реформа үшін жай ғана аты бар, заты жоқ реформалар жүргізуді доғару қажет. Басқа сөзбен айтқанда, реформаларды, өзгерістерді әрине жүргізу керек. Бірақ ондай өзгерістер мұғалімдерді әбден шаршатып, оларды күйзеліске ұшыратпауы қажет, - деп айтты Президент.

Оның сөзінше, әрбір реформаны, әсіресе, білім саласындағы реформаны жүзеге асырар алдында оны жан-жақты саралау қажет. Оның тиімділігіне әбден көз жеткізу қажет.

Реформа – бұл бастапқы сынақ, эксперимент емес. Бұл – жауапты шешім мен іс-шара. Үкімет педагогикалық жоғары оқу орындарының қызметін қайта қарау кезінде бұл мәселені міндетті түрде ескеруге тиіс. Ұстаздарды мектеп пен балабақшадағы жұмыс тәсілдерінің ерекшеліктеріне барынша бейімдейтін бірыңғай жүйе құру қажет деген ұсыныс бар. Оны жан-жақты қарап, қажет болса, іске асыру қажет. Бұл іске әдестемелік орталықтар, мектепке дейінгі, орта және қосымша білім беру мекемелері атсалысуы қажет. Осы салаға жауапты министрліктер педагогтердің жаңа буынын даярлау үшін күш жұмылдыруы керек, - деп айтты Президент Тоқаев.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев мектептерді салу жұмысы жалғасатынын айтты

Сондай-ақ, Тоқаев оқушылардың 18 жасқа дейін мектепте оқуын қайта қарауды ұсынды

Сонымен қатар Тоқаев мұғалімдердің біліктілігін көтеру мәселесіне ерекше назар аудару да маңызды екенін айтты. Президент мұғалім тапшылығы мәселесін де шешуді тапсырды.

Наверх