Президент мектептерді салу жұмысы жалғасатынын айтты

Президент әрбір өңірге, соның ішінде мектептерге сұраныс бар аудандарда сапалы оқу орындары құрылысы міндетті түрде жалғастырылатынын айтты.

26 Тамыз 2026, 12:20
АВТОР
 ©BAQ.KZ/Артем Чурсинов 26 Тамыз 2026, 12:20
26 Тамыз 2026, 12:20
217
Фото: ©BAQ.KZ/Артем Чурсинов

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа Конституция – білім беру жүйесінің стратегиялық негізі» тақырыбында өтіп жатқан тамыз конференциясында сөйлеген сөзінде айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ұлтымыздың келешегін айқындайтын тарихи өзгерістер табысты болуы үшін ең алдымен қоғамдық сана жаңғыруға тиіс. Бұл істе мәртебелі мамандық иесі – мұғалімнің рөлі айрықша маңызды. Әлемді ең дамыған технология өзгертуі мүмкін. Ал адамды, оның дүниетанымын өзгерту - нағыз ұстаздың ғана қолынан келетін іс, - деп айтты Президент.

Тоқаевтың сөзінше, мемлекет білім жүйесін дамытуға әрдайым баса назар аударады. Соңғы жылдары салаға бөлінетін қаржы 3 есе артқанын атап өтті.

Енді кейінгі бес жылдың ішінде 1 млн-нан астам оқушыға арналған 1 120 мектеп салынды. 5 мыңнан ауыл мектебінің материалдық-техникалық қоры жаңғыртылды. Білім ошақтарында 7 мыңнан астам заманауи үлгідегі пән кабинеттері жасақталды. Осыдан екі жыл бұрын менің тікелей тапсырмаммен «Келешек мектептері» жобасы басталды. Осы жоба аясында 460 мың оқушыға арналған 217 мектеп салынды. Заманауи мектептердің жаңа стандарты пайда болды, - деді Мемлекет басшысы жиында.

Президент әрбір өңірге, соның ішінде мектептерге сұраныс бар аудандарда сапалы оқу орындары құрылысы міндетті түрде жалғастырылатынын айтты.

Бұл алдымызда тұрған мемлекеттік маңызға ие өзекті міндет. Уақытты созбай, жұмысқа кірісуіміз керек. Келесі жылы құрылыс қарқынды болуы қажет, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, бұған дейін Президент ұстаздарға «озық ойлы және отаншыл ұрпақ тәрбиелеуде зор еңбек сіңіріп жүрсіздер» деген болатын

Тағы оқи отырыңыз:

Оқу-ағарту министрі қазақстандық оқушылардың тарихи жетістігін атады

Қазақстанда мұғалімдердің жалақысына білім саласы қаржысының 65,9%-ы жұмсалады

Табанды еңбек кез келген уақытта табысқа жетелейді – Қасым-Жомарт Тоқаев

Наверх