Тоқаев Бавария Премьер-министрінің орынбасарымен кездесті

Тараптар Қазақстан мен Бавария компаниялары арасындағы тікелей іскерлік байланысты нығайту және технологиялық серіктестікті кеңейту перспективаларын талқылады.

 Ақорда 30 Қыркүйек 2026, 21:13
30 Қыркүйек 2026, 21:13
197
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бавария Премьер-министрінің орынбасары, Экономика, өңірлік даму және энергетика министрі Хуберт Айвангермен кездесті.

Кездесу барысында Президент қонақжайлығы және Мюнхенде технологиялық форум өткізуге қолдау көрсеткені үшін Хуберт Айвангерге алғыс білдірді.

Тараптар Қазақстан мен Бавария компаниялары арасындағы тікелей іскерлік байланысты нығайту және технологиялық серіктестікті кеңейту перспективаларын талқылады. Сондай-ақ сауда көлемін арттыру, инвестиция тарту және бірлескен жобаларды іске асыру мәселелеріне назар аударылды.

Кездесуде жоғары технология, өнеркәсіп, энергетика, инновация және өңірлік даму салаларындағы ынтымақтастықты дамытуға басымдық берілді. Қазақстан тарапы Баварияның Германия өңірлері арасындағы негізгі экономикалық серіктестердің бірі екенін атап өтті.

Өз кезегінде Хуберт Айвангер Бавария бизнесінің Қазақстанмен өзара тиімді кооперацияны дамытуға қызығушылық танытып отырғанын жеткізді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан мен Бавария арасындағы экономикалық және технологиялық ықпалдастықты одан әрі дамытуға ниетті екенін растады.

Наверх