Тоқаев: Әзербайжан біз үшін сенімді әріптес қана емес, сонымен бірге бауырлас мемлекет

10 Сәуір 2023, 16:12
726
Бөлісу:
Тоқаев: Әзербайжан біз үшін сенімді әріптес қана емес, сонымен бірге бауырлас мемлекет
Фото: Ақорда

Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев келіссөз жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Президентіміз алдымен әріптесіне Астанаға ресми сапармен келгені үшін алғыс айтты.

Былтыр тамыз айында мен Бакуге сапармен бардым. Бұл сапарым аса нәтижелі болды және екіжақты қатынастарға тың серпін берді. Біз өзара сенімді қарым-қатынасты одан әрі дамытуға мүдделіміз. Бұл - біздің ортақ мақсатымыз, - деді Тоқаев.

Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, Әзербайжан біз үшін маңызды әрі сенімді әріптес қана емес, сонымен бірге жақын, бауырлас мемлекет.

Көпжылдық достық байланысқа, өзара қолдауға сүйене отырып, тиімді мемлекетаралық ынтымақтастықты орната білдік. Ол бүгінгі күні стратегиялық серіктестік пен одақтастық түрінде дамып жатыр. Елдеріміздің арасында белсенді, сенімді саяси диалог қалыптасқан. Үкімет деңгейінде үйлесімді жұмыс жүргізіліп келеді. Екіжақты алаңдар шеңберінде сындарлы өзара іс-қимыл жүзеге асырылып жатыр. Құқықтық база қалыптасқан. Бүгінгі күннің өзінде 90 құжатқа қол қойылған. Былтыр стратегиялық қатынастарды нығайту және одақтастық өзара іс-қимылды тереңдету туралы декларацияға, сондай-ақ ынтымақтастықты дамытудың 2026 жылға дейінгі кешенді бағдарламасына қол қойдық, - деп айтты Мемлекет басшысы.

Бүгін де бірқатар құжатқа қол қойылады.

Өзгелердің жаңалығы