Тоқаев Әзербайжан басшысын Ақордада қарсы алды

10 Сәуір 2023, 15:08
1775
Бөлісу:
Тоқаев Әзербайжан басшысын Ақордада қарсы алды
Фото: автордан

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен келген Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевті Ақордада қарсы алды, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Салтанатты рәсімдер залында құрмет қарауылы сап түзеді, оның бастығы Мемлекет басшыларына сәлемдік баянат берді.

Президенттік оркестр екі елдің мемлекеттік гимнін орындады.

Әнұраннан кейін Ильхам Әлиев пен Қасым-Жомарт Тоқаев кілемше бойымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туына қарай жүрді. Ту алдына келгенде мейман тоқтап, басын сәл иіп, өзінің құрметін білдірді.

Тоқаев Әзербайжан басшысын Ақордада қарсы алды

Еске салайық, Астанада екі ел басшылары шағын және кеңейтілген құрамда кездесу өткізеді деп жоспарланған.

Келіссөздер барысында Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы стратегиялық серіктестікті дамытудың негізгі мәселелері талқыланбақ.

Тоқаев Әзербайжан басшысын Ақордада қарсы алды

Бұған дейін Ильхам Әлиевтің елімізге ресми сапармен келетіні хабарланған еді.

Өзгелердің жаңалығы